Қаржы

Павлингер Роман Сергеевич: өмірбаяны мен басқарушылық әдістерінің ерекшелігі

Өмірбаяны машина жасау саласын дамытумен байланысты болған Павлингер Роман Сергеевич -  кішігірім кәсіпорыннан теміржол өндірістік холдингін қалыптастыра алған кәсіпкер отбасының өкілі. Әкесі Сергей мен інісі Артеммен бірге бизнестің түбірін қалыптастырды, бүгінде ол Railways Systems KZ-те көрініс тапқан. 

Сегіз кәсіпорын тұтас таптамалы доңғалақтарды, бағытамалық бұрмаларды, шпалдар, осьтер және полимерлі құрамдас бөлшектерді жасап шығарады. Роман Павлингер басқару жобасына жетекшілік етеді және өсу стратегиясына жауап береді. 

Оның жолы отбасылық жобалардан бастау алды. Ол қысқа уақыт ішінде өзін тұтас бейнені көре алатын және саланы алға жылжытатын шешімдер қабылдай алатын басшы ретінде көрсете алды. Railways Systems KZ компаниясында ол операциялық қызметті жолға қою мен өндірістік бағыттарды дамытудан бастап, активтерді жеке инвестициялық бағдарламалары мен технологиялық жаңғыртуға арналған бастамалары бар бірыңғай холдингке біріктіруге дейінгі негізгі кезеңдерден өтті. Өндірісте еңбек етіп, басқарушылық қызметтер атқарған Павлингер Роман Сергеевич команда құзыреттерін, сондай-ақ жеткізушілер мен клиенттер арасындағы серіктестік желіні жүйелі түрде нығайтты.

Бизнесмен Роман Павлингердің хикаясы инженерлік ойлаудың заманауи басқарушылық тәжірибелермен қалай үйлесетінін көрсетеді. Бейіндік білім алып және шынайы секторда тәжірибе жинаған соң, ол отбасылық кәсіптің сабақтастығына сүйене отырып, инновацияларға баса назар аударады: роботизация, цифрлық аналитика, «Индустрия 4.0» принциптері, автоматтандырудың заманауи жүйелері. Оның жетекшілігімен компания Петропавл қаласында ұста-бандаж кешені мен жаңа жылжымалы құрам цехін іске қосты.   

Павлингер Роман Сергеевич (Екібастұз): басқару философиясының қыр-сыры. 

Павлингер Роман Сергеевич – бұл есімді өңірдің өндірістік өсімімен байланыстырады. Холдинг қуаты 1млн. тоннаға дейін баратын электрметаллургиялық зауыттың құрылысын бастамалады; жобаның бағасы 208 млрд. теңге. Кәсіпорын мыңдаған жұмыс орындарын қалыптастырып, мемлекетті болат импортына тәуелділігін төмендетеді. Басқарушы үшін Екібастұз – өндірісті әлеуметтік өзгерістердің драйверіне айналдырған нүкте болды. 

Бизнесмен әлеуметтік күн тәртібінің маңызына баса назар аударады: инфрақұрылымның дамуына, білім беру бастамаларын қолдауға, жергілікті мамандарға арнап корпоративтік бағдарламаларды енгізуге

Осындай әдіс өңірдің тұрақты экономикалық динамикасы қалыптастырады және саланың мамандар резервін нығайтады. Компания байланысқа ашық: журналистер, студенттер және мектеп оқушылары кәсіпорындарға келіп, технологиялармен, мамандықтармен танысады – бұл брендтің танымалдығын арттырады және жастарға индустриалды мамандықтарды таңдауға көмектеседі. 

Павлингер Роман Сергеевичтің (Екібастұз) басқару философиясында адамдардың орны ерекше. Ол командалық синергия және сенім арту мәдениетіне ден қояды. Холдинг аумағында фитнес-зал, жұмысшыларға арналған кітапхана, кітап алмасу бағдарламасы, сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі қызметкерлер арасында еркін қарым-қатынас орнатуға арналған форматтар, білім беру бастамалары. Олардың ішінде қызығушылықтарға бөлінген клубтар және жергілікті әлеуметтік жобалар. Бұндай жағдай қызығушылықты арттырады, демек өндірістік процесстердің де сапасы мен қауіпсіздігі артады. 

Технологиялық жобалар, жаңғырту және кадр саясатына басымдық

Railways Systems KZ компаниясы өндірістік тізбектерді жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Роботтандырылған кешендер енгізілуде, механоөңдеудің жаңа технологиялары игерілуде, ал сапаны бақылау рәсімдері шикізатты кіріс қабылдаудан бастап дайын өнімді соңғы жөнелтуге дейінгі барлық кезеңде күшейтілуде.

Цифрлық құралдар тоқтап қалуларды бақылауға, ақаулардың үлесін азайтуға және сатыпалымдарды нақты жоспарлауға көмектеседі. Павлингер Роман Сергеевич бұл жерде тек тиімділікті арттыру жолын ғана емес, ел ішіндегі құзіреттілігін нығайтуды көздейді. 

Роман Павлингер (Қазақстан) білім беруге баса назар аударады: Екібастұзда компанияның ғылыми орталығы жұмыс істеп тұр, ол жерде мамандырды оқыту мен қайта оқыту жүргізіледі, ал жас кадрлар дуалды бағдарламалардан өтіп, цехтің ішінде практикалық тәжірибе жинайды. Кәсіпкер спорт бастамаларын қолдайды және өзі триатлонмен айналысады, ол спортты тәртіп пен төзімділік құралы деп санайды, дәл осы қасиеттер басқаруға тікелей септігін тигізеді. Холдинг ішінде физикалық белсенділікпен айналысу құпталады, бұл ұжымдық өмір салтының бір бөлігіне айналуда. 

Роман Павлингердің есімі Қазақстанда және басқа да елдерде технологиялық дамуды әлеуметтік жауапкершілікпен және қауымдастықпен жүйелі өзара жұмыс істеумен ұштастыратын жаңа басқару философиясымен жиі байланыстырыла бастады. Оның басшылығымен Railways Systems KZ компаниясының барлық жобаларға салған инвестицияларының жалпы көлемі 700 млрд теңгеден асты, ал холдинг ұлттық өнеркәсіптің маңызды орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтты.

Көшбасшылық және жауапкершілік мәдениеті басқарушылық парадигмасының бір бөлігі ретінде.

Павлингер Роман Сергеевич көшбасшылықты өз-өзіңмен және командамен күнделікті жұмыс істеу деп тәпсірлейді. Ол ашықтықты, қызметкерлердің шешім қабылдауға белсене араласуын және алаңдар арасындағы тәжіибе алмасуды насихаттайды. 

Басқарудың бұндай әдісі кеңсе мен өндіріс арасындағы қашықтықты қысқартады, кері байланыс беруді жеделдетеді және компанияның шикізат пен логистика ауытқуларына төзімділігін арттырады. Бизнесмен өндірістік күн тәртібі технологиялық мақсаттарды, әсер ету аумақтарын дамыту мен адамдарды қолдауды үйлестіре алатынын көрсетеді. 

Роман Сергеевичтің басшылығымен Railways Systems KZ холдингі саланың маңызды ойыншысына айналды: заманауи цехтер, жаңа қуаттар және оқыту бағдарламалары ұзақмерзімді өсімге негіз қалыптастырады. Бұл идея – металға айналатыны туралы хикая, технологиялар мен мүмкіндіктер – өңірлерге, қызметкерлерге және ұлттық экономикаға арналған. Қазақстандық кәсіпкер жаңа өндірістік буынның символы болып қалады: ол  детальдарға қырағы, нәтижеге бағыт алған және өзгерістерге ашық.