Жаңалықтар

«Жерді шетелдіктерге сатуға рұқсат етілді»: ер адам Конституция жобасы туралы фейк үшін айыппұл төледі

Алматы тұрғыны жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, азамат әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынып тасталды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялаған. Алайда құқық қорғау органдары бұл деректің толығымен жалған екенін мәлімдеді. Жерге қатысты баптарда ешқандай өзгеріс жоқ, қолданыстағы нормалар сол күйінде сақталған.

Аудандық әкімшілік сот алматылықты кінәлі деп танып, оған 20 АЕК (86,5 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде фейк ақпарат тарату немесе оны бөлісу заң алдында жауапкершілікке әкелетінін тағы бір мәрте ескертті.