Жаңалықтар

Қазақстандықтар планеталар шеруін тамашалай алады: 2026 жылы аспанда ерекше көрініс

2026 жылы қазақстандықтар ешқандай телескопсыз-ақ көзбен көруге болатын сирек астрономиялық құбылыстардың куәсі болмақ.

«Роскосмос» мәліметінше, 28 ақпанда аспанда планеталардың үлкен шеруі өтеді. Бұл күні Юпитер, Уран, Сатурн, Нептун, Шолпан (Венера) және Меркурий бір мезгілде көрінеді.

Ал 12 тамыз — 2026 жылдың басты астрономиялық күні болмақ. Таң алдында аспанда Юпитер, Меркурий, Марс, Уран, Сатурн және Нептун бір секторда қатар тізіледі.

Одан бөлек, дәл осы күні толық Күн тұтылуы болады. Күн батқан соң аспанда Персеид метеор ағынынтамашалауға мүмкіндік туады.

Мамандар бұл құбылыстарды ашық аспанда, жарықтан алыс жерде бақылауға кеңес береді.