Жаңалықтар

Бурабайда қаңғыбас итке атылған оқ  адамға тиді

Ақмола облысының Бурабай ауданында қаңғыбас иттерді ату кезінде қызметкердің оғы адамға тиіп, әріптесі жарақат алды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен азамат оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті абайсызда ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қолданылған қаруды тексеріп жатыр.