Шоубиз

Ерке Есмахан абысын болуға дайындалып жүр

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Өнер иесі Instagram парақшасында қайын інісінің әскери ант қабылдап, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүргенін хабарлады. 

«Менің аппақ қайным бүгін әскери ант қабылдады. Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қадамың нық, рухың биік болсын. Әскердегі әр күнің сабыр мен шыдамға үйретіп, шыңдай берсін», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке Есмахан желі қолданушыларына әзіл-шыны аралас үндеу жолдады.

«Мен абысын, ал Райм қайынаға болуға дайынбыз. Қыздардың құлағына алтын сырға», – деп жазды ол.