Әлем

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің бас актрисасы қайтыс болды

Канада мен АҚШ-та кеңінен танылған актриса Кэтрин О’Хара 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Қаралы хабар 30 қаңтар күні белгілі болған. Актрисаның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланбады, бұл ақпаратты оның өкілдері растаған. 

Кэтрин О’Хара Торонто қаласында туған. Ол актерлік жолын 1970-жылдары бастап, Солтүстік Американың комедия жанрында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Актрисаға әлемдік деңгейде танымалдық әкелген рөл — «Үйде жалғыз» культтік комедиясындағы Кейт Маккалистер, яғни басты кейіпкер Кевиннің анасы. Аталған туынды бірнеше ұрпақ үшін жаңа жылдық классикаға айналды.

Шығармашылық ғұмырында Кэтрин О’Хара «Битлджус», Best in Show, «Могучий ветер» сияқты әйгілі фильмдерге түсті. Сондай-ақ, Schitt’s Creek телехикаясындағы Мойра Роуз образы арқылы жаңа көрерменнің ықыласына бөленіп, сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.

Кэтрин О’Хара қайталанбас комедиялық талантымен, айрықша харизмасымен және драмалық рөлдердегі тереңдігімен есте қалды. Әріптестері мен жанкүйерлері оны ирония мен гротескті нәзік сезіммен үйлестіре алған сирек дарын иесі ретінде құрметпен еске алады.