Бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірген
Шабуыл жасаған ер адам мен әйел таныс емес. Күдікті көшеде кездейсоқ кездескен әйелге суық қарумен шабуыл жасаған.
«КТК» арнасының мәліметінше, оның мұндай жауыздыққа баруына «марқұмның түр-әлпеті ұнамағаны» себеп болған көрінеді.
Еске салсақ, Шымкентте қаланың қақ ортасында бір әйелді пышақтап кеткен еді. 41 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның артында екі қызы жетім қалған. Анасы инсульт алып, ауруханаға түскен.