Шымкентте тағы бір әйел кісі қолынан қаза тапты: күдіктіні ұстау кезінде полиция оқ атты
Шымкентте бір айдың ішінде екінші рет әйел адам кісі қолынан қаза болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жолғы қылмыс жеке жанжал салдарынан орын алған.
Жанжал кезінде ер адам қызды бірнеше рет пышақтап, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Куәгерлер полиция шақырғанымен, күдікті ұсталар сәтте белсенді қарсылық көрсеткен.
Қызметкерлер жағдайды бақылауға алу үшін табельдік қару қолдануға мәжбүр болған. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір ол полицияның күзетінде.