Бұрынғы әйелінің интим суреттерін таратқан ер адам ұсталды
Батыс Қазақстан облысында полиция бұрынғы жұбайының интим суреттерін WhatsApp арқылы таратқан ер адамды ұстады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті кек алу мақсатында жеке фотоларды таратып жіберген. Ұсталған азаматтың телефоны тәркіленіп, ол өз кінәсін толық мойындаған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы — жеке өмірге қол сұғу бойынша іс қозғалды. Бұл бап 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Полиция өкілдері бұрынғы отбасылық қатынастар да адамның жеке өміріне қол сұғуға ешқандай құқық бермейтінін ескертті. Интим материалдарды келісімсіз тарату — ауыр қылмыс.