Жаңалықтар

Астанада жүргізуші рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кеткен: 2 адам қаза тапты

Toyota жүргізушісі көпір үстінде рөлге ие бола алмай, жол апаты болды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан тура бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.