Африкада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды: тағы бір індет тарап жатыр
Африкада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды: тағы бір індет тарап жатыр
ашық дереккөзі
1 маусымда Конго Демократиялық республикасы елде Эбола безгегі шыққанын мәлімдеді. Дерттен бес адам қайтыс болған, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Эбола безгегі Мбандака қаласында тарай бастаған.
1,5 миллион халық тұратын қалада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды, тағы екі адамнан осы диагноз расталған. Осыған байланысты үкіметтегілер шұғыл түрде өңірлерге дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жіберіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері Мбандака қаласына ұшып барған.
"ДДҰ өкілдері қазір Мбандакада, науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Бұл дерт бізге әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жалғыз дерт емес екенін еске салады. (...)", - деп жазды ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Twitter желісіндегі парақшасында.