Бас прокуратура Конституцияға ұсынылған бір түзетуге қарсы шықты
Бас прокуратура қамауға алу мерзімін сот санкциясынсыз 72 сағаттан 48 сағатқа қысқартуды көздейтін түзетуді қолдамайтынын мәлімдеді.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиевтің айтуынша, мұндай нақты мерзімді Конституция деңгейінде бекіту құқықтық жүйенің икемділігін шектеуі мүмкін.
Оның сөзінше, Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған негізгі кепілдіктер қазірдің өзінде бар. Ал ұстау мерзімін нақты 48 сағат деп көрсету және оны ерекше жағдайларда ұзарту тетіктерін тікелей Конституцияға енгізу артық норма болуы мүмкін.