Екібастұзда екі күн ішінде екі жасөспірім өзіне қол жұмсады
Екібастұз қаласында екі күн аралығында 17 жастағы ұл мен қыз көз жұмды. Олар бұрын бір сыныпта бірге оқыған. Қайғылы жағдайлардың мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Полицияның хабарлауынша, оқиғаның себептері мен нақты жағдайлары тергеу барысында анықталады.
Жасөспірімдердің қаза болғаны туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Кейін олардың бір-бірімен араласқаны белгілі болды. Ұл бала мектепте оқыған, ал қыз колледж студенті болған. Екеуі де өз үйлерінде өзіне қол жұмсаған, мәйіттерін туыстары тапқан. Қыз бала ұлдан кейін екі күн өткен соң көз жұмған.