Қазақстанда 700 мың адам тұрақты түрде бәс тігеді – Қаржы министрлігі
Қазақстанда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде букмекерлік кеңселер арқылы бәс тігумен айналысады. Бұл туралы Қаржы министрлігінде өткен цифрлық жобалардың таныстырылымында айтылды.
Вице-министр Ержан Біржановтың мәліметінше, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты букмекерлік компаниялардан түсетін салық түсімдері азайған.
Оның айтуынша, соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде қазақстандықтар жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге бәс тіккен. Ал ұтыс ретінде қайтарылған қаражат көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Бұл — тігілген қаржының шамамен 75 пайызы қайта ойыншыларға оралғанын білдіреді. Қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың кірісінде қалған.
Вице-министрдің дерегінше, бәс тігетіндердің саны елдегі ересек тұрғындардың шамамен 15–20 пайызын құрайды.