Ресей әскері Украинаның энергетикалық нысанын атқылады: жарақат алғандар бар
25 қаңтар күні Ресей әскерлері Украинаның Николаев облысындағы энергетикалық инфрақұрылым нысанына соққы жасады. Шабуыл салдарынан объекті айтарлықтай зақымдалып, бір энергетик жарақат алған. Бұл туралы «Николаевоблэнерго» компаниясы хабарлады.
Әуе дабылы кезінде Очаков бағытына қарай жоғары жылдамдықпен ұшқан нысан тіркелген. Кейін оның дәл энергетикалық объектіге бағытталғаны белгілі болды.
Жарылыс салдарынан электромонтер Владимирдің аяқ-қолына жарықшақ тиіп, ол жедел түрде ауруханаға жеткізілген.
Компания мәліметінше, шабуыл кезінде энергетикалық жабдықтар қатты бүлінген.
«Энергетиктердің жұмысы — бұл тек желілер мен қосалқы станциялар емес, бұл күн сайынғы қауіп пен зор жауапкершілік», — деп атап өтті мекеме өкілдері.