Жаңалықтар

«Бұл статусқа ие болғаныма 19 жыл»: Ләйла Сұлтанқызы әсерлі жазбамен бөлісті

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады.

Ол биыл тұңғыш рет ана атанғанына 19 жыл толғанын атап өтті.

Айтуынша, сол күні дүниеге келген сәбиі – бүгінде 19 жасқа толған Сағадат есімді ұлы. Тележүргізуші ұлының болмысы мен мінез-құлқы әкесіне қатты ұқсайтынын жеткізді.

«Бүгін мен үшін ең қымбат мәртебеге ие болғаныма 19 жыл. Сол күнгі кішкентай сәбиім қазір 19 жастағы Сағадат батыр. Әкесінен аумай қалған – түрі де, мінезі де, сөзі де. Балам, денің сау болсын! Інің екеуміз әрдайым жаныңдамыз», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазба астына жылы лебіздерін қалдырып, Сағадатқа зор денсаулық, бақыт пен жарқын болашақ тіледі.