Қостанайда осы демалыстарда қатты аяз тіркеледі
Сенбі, 24 қаңтарда, облыстың оңтүстігінде қар жауып, боран соғады.
Батысы мен солтүстігінде аздаған қар күтіледі, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түседі.
Түнде ауа температурасы –30…–35 °C, оңтүстікте –25…–30 °C, күндіз –23…–28 °C, оңтүстікте –13…–18 °C болады. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы 7–12 м/с.
Қостанай қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз: түнде –32…–34 °C, күндіз –26…–28 °C, жел солтүстіктен 4–9 м/с.
Жексенбі, 25 қаңтарда, облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, төменгі боран болады, батысында тұман күтіледі.
Түнде ауа температурасы –30…–35 °C, күндіз –23…–28 °C шамасында. Жел оңтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с.
Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз: түнде –33…–35 °C, күндіз –26…–28 °C, жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с.