Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар төледі ме?
Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне мүшелікке өтуі үшін «кіру жарнасы» ретінде 1 млрд доллар төлегені жөніндегі ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілді. Ақорданың хабарлауынша, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.
Президенттің баспасөз қызметінде:
«Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна төлемей кірді. Бұл ұйым жарғысының талаптарына толық сай», — деп атап өтті.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Кеңестің жұмысына жалпы негізде қатысып отыр. Рас, ұйым жарғысында 1 миллиард доллар көлеміндегі сома көрсетілген. Алайда бұл — мүшелікке кіру ақысы емес, ерікті түрде төленетін жарна.
Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіндегі мүшелік мерзімі үш жылды құрайды.