weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін Мемлекет басшысы бұл реформаның ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар болатынын атап өткен еді.

Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде ұсынылған барлық бастамаларды мұқият талдап, Ата заңға енгізілетін нақты өзгерістерді әзірлеу аса маңызды.

«Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құруды, комиссияның ережесі мен құрамын бекітуді, осы жарлықтың орындалуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеуді қаулы етемін», – делінген құжат мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия түскен ұсыныстарды жүйелеп, зерделегеннен кейін, дайындалған түзетулер қоғамдық талқылауға және республикалық референдумға шығарылуы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→