Жаңалықтар

Шымкенттегі төбелесте қаза тапқан ер адам әлем чемпионаты жүлдегерінің ұлы болып шықты

20 қаңтар күні Шымкент қаласының орталығында көліктердің соқтығысуынан кейін болған жаппай төбелес адам өлімімен аяқталған еді.

Қайғылы оқиғада қаза тапқан азамат грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды.

Оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ер адамдардың бір-біріне пышақ ала ұмтылған сәттері көрінеді. Қанды қақтығыс салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.

Қаза тапқан азаматтың 40 жастағы Василий Колесников екені нақтыланды.