Жаңалықтар

«Гренландия сатылмайды»: Дания мен Гренландияда Трамптың мәлімдемесіне қарсы жаппай наразылық өтті

Гренландия мен Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды АҚШ құрамына қосу туралы мәлімдемелеріне қарсы көшеге шықты. Бұл туралы newsroom.kz порталы  BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Наразылық акциялары Копенгаген мен Гренландия астанасы Нуук қаласында өтті. Шеруге қатысушылар «Гренландия сатылмайды» және «Болашағымызды өзіміз шешеміз» деген жазуы бар плакаттар көтерген.

Гренландиялық саясаткер Эрик Йенсен арал тұрғындары АҚШ құрамына кіруге де, аннексияға да қарсы екенін айтты. Нууктегі митингке Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен де қатысып, халықтың ұстанымын қолдады.

Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесіне сәйкес, Гренландия халқының шамамен 85 пайызы АҚШ-қа қосылуға қарсы.