Жаңалықтар

Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді: неге тыйым салынды, неге рұқсат етілді?

Қазақстанда жасанды интеллектіні реттейтін заң ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Жаңа заңға сәйкес, нейрожүйелерге негізделген технологиялар қауіп деңгейіне қарай жіктеледі. Ең жоғары тәуекел тобына мемлекеттік органдарда және стратегиялық маңызды салаларда қолданылатын жүйелер енгізілген. Мұндай ИИ жүйелеріне мемлекеттік ақпараттық жүйелермен бірдей киберқауіпсіздік талаптары қойылады.

Заңда жасанды интеллектіні:

  • адамдарды манипуляциялау,
  • кемсіту,
  • келісімінсіз эмоциясын анықтау,
  • осал топтарды пайдалану,

тыйым салынған контент жасау
мақсатында қолдануға қатаң тыйым салынған.

Сонымен қатар ИИ көмегімен жасалған контент, тауарлар мен қызметтер міндетті түрде арнайы белгімен таңбалануы тиіс. Авторлық құқық тек адам тарапынан нақты шығармашылық үлес болған жағдайда ғана танылады. Ал нейрожүйелерге берілетін промпттар да заңмен қорғалады.

Министрлік бұл заң цифрлық технологияларды қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға бағытталғанын атап өтті.