Алматыдағы түнгі клубта аспаз есірткі қосылған тағам сатқан
Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінде ас мәзірі арқылы есірткі таратты деген күдікпен аспаз қамауға алынды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Арнайы жедел іс-шара барысында клубтың асхана қызметкері қолға түскен. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті заңсыз заттарды тікелей өз жұмыс орнында сатып келген.
Жеке тінту кезінде ер адамның бойынан психотроптық заттар мен өсімдік тектес есірткі құралдары табылып, айғақ ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары есірткінің түнгі клубқа қалай жеткізілгенін және күдіктінің ықтимал серіктестерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу жалғасуда.