Шоубиз

«Келінді құл сияқты ұстайды»: Роза Рымбаева шындықпен бөлісті

Әнші Жазира Байрбекова халық әртісі Роза Рымбаевадан келінге қалай қарау керектігі жөнінде кеңес сұрады.

«Қазақта өкініштісі келінді құл сияқты ұстап, өкпемен сөйлейтін енелер бар. Бірақ менің түсінігімде келін қызын емес, мен кеткеннен кейін орнымды басатын адам. Ошақтың анасы болатын жан», — деді Роза Рымбаева.

Ол адамның бұл өмірде мәңгі еместігін атап өтіп, отбасының болашағы келіннің қолында екенін айтты.

«Мен 100–200 жыл өмір сүрмеймін ғой. Мен кеткенде орнымды осы келінім басады. Сондықтан келінге ақылмен, сабырмен қарап, білгеніңді үйреткен дұрыс», — деп түйіндеді халық әртісі.