Шоубиз

Тұрсынбектің екінші әйелі өнер адамы боп шықты

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанып жүрген Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзінің білімі мен қазіргі қызметі туралы мәлімет берді. 

Оның айтуынша, режиссер және педагог-хореограф мамандықтары бойынша екі дипломы бар. Сонымен қатар, ол театр сахнасында балет актрисасы болып еңбек еткен. Қазіргі таңда Айман ірі жобалар мен концерттерді ұйымдастырумен айналысып жүр.