weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 қаңтар, 2026 / Арайна Арайқызы / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантай мәлімдеме жасады

Ол денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, шұғыл түрде арықтауға шешім қабылдағанын айтты.

«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантай мәлімдеме жасады

«Егер дәл қазір өмірімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім үзілуі мүмкін. Шегінерге жол жоқ. Сіздерге уәде бердім бе, бермедім бе — оның мәні жоқ. “Бұрын да бастап, тастап кеткенсің” десеңіздер де өз еркілеріңіз. Менде басқа таңдау жоқ. Дәрігерлерге қаралдым, толық тексеруден өттім, аппараттық диагностика жасалды. Нәтижесін көрген соң, егер дәл бүгін өзімді қолға алмасам, денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жететіні белгілі болды. Әрине, бәрі Алланың қолында. Өмірді беретін де — Алла. Бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық — Құдайдың аманаты. Сондықтан тәуекелге бел будым. Өздеріңізге де қараңыздар. Қалай артық салмақ жинап алғанымды өзім де байқамай қалдым. Жинау оңай, ал тастау өте қиын. Жайылмаңыздар», — деді ол.

Рамазанның жеке жаттықтырушысының айтуынша, оның денсаулық жағдайы өте күрделі. Кез келген сәтте инфаркт немесе инсульт алу қаупі жоғары.

Артық май қабаттары ішкі ағзалардың барлығына қысым түсіріп отыр. Қазіргі салмағы — 161 келі, шамамен 70 келі артық салмағы бар.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→