Жаңалықтар

Қалыңдық көйлегін киюді армандаған келіншек тойы болмай қалады деп қорқады

Қалыңдық көйлегін киюді армандаған келіншек тойы болмай қалады деп қорқады

Қалыңдық көйлегін кию, барлық қыздың арманы болса керек. Өмірінде бір рет сол көйлекті кию біреуге бұйырса, біреуге бұйырмайды. Әрине бақытты болу, дәл сол көйлекке байланысты емес. Алайда ханшайымның көйлегін жалға алып, бір күн киюді армандамайтын қыздың өзі жоқ шығар. Ал белгілі себептермен тойы кейінге қалдырылып келе жатқан Майра есімді жас келіншек NewsRoom тілшісіне мұңын шақты. "Менің бала күннен ата-анамның ақ батасын алып, үйден ұзатылып шықсам және арманымдағы қалыңдық көйлегін кисем деген арманым болатын. Екі жыл кездесіп, өмірлік жарымды кездестіріп, отбасы құруды шештік. Қалай екеуміз тойға дайындықты бастадық, әртүрлі қиыедықтар туа бастады. Екеуміздің ата-анамыз кездесіп, келісіп, тойды белгіледі. Доллар қымбаттады. Алатын дүние қымбаттады. Жалғыз қыз деп ата-анам қалағанымды алуды айтты. Одан кейін коронавирус індеті таралды деген сыбыс шықты. Тойхананы белгілеп, қонақтарды шақырып едік, карантин жариялап, барлық жер тарс жабылды. Үйден кішігірім жиынмен ұзату өткізу жоспарланғанда, дәл сол кезде “үйде де жиналуға болмайды” деген жаңалықты естіп, бұл ойымыздан айныдық. Не керек, қала ішінде блок-бекеттер қойылып, рұқсат қағазы бар таксишімен ұзатылып бардым. Беташар істегендер айыппұл салынады деген соң, беташарда кейінге шегерілді. Енді карантин бітіп, қалыпты өмірге көштік. Алайда тойхана жұмысы қашан ашылатыны белгісіз. Енді аяғым ауыр. Ақ көйлек кимей өтемін деген қорқынышым да жоқ емес,-деп ренжіді Майра есімді жас келін.