«Кім не жазса да мән бермеймін»: Атыраулық хакер демалысқа кететінін хабарлады
Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы резонанс тудырған оқиғаларға қатысты пікір білдіріп жүрген, өзін «атыраулық хакер» деп таныстыратын азамат Instagram желісінде жаңа мәлімдеме жасады.
Ол алдағы бір апта бойы байланысқа шықпайтынын және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейтінін айтты.
«Телефонды бір аптаға сөндіріп, демалуды жөн көрдім. Instagram мен WhatsApp-та хаттарға жауап бермеймін. Кім не жазса да, мән бермеймін. Арандатуға ермеймін, оған тұрмайды», – деп жазды ол.