Жаңалықтар

«Мошенники 2» сериалы бір мезетте төрт платформада көрерменге жол тартады

2026 жылдың 15 қаңтарында қазақстандық танымал «Мошенники» сериалының екінші маусымы жарық көреді. Жобаның тұсаукесері бір мезетте Rustem Omarov YouTube-арнасында, сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілген төрт платформада өтеді.

Авантюралық криминал жанрындағы сериал алаяқтық схемаларға шебер, салқынқанды қылмыскер Дамирдіңоқиғасын жалғастырады. Бұл жолы сюжет желісі Түркиядан басталады. Бас кейіпкер ТМД елдерінің тұрғындарына түрік жылжымайтын мүлкін сатумен байланысты ірі алаяқтықты жүзеге асырады. Шетелдегі істерін аяқтаған соң, Дамир Қазақстанға оралып, бірінші маусымнан көрерменге таныс кейіпкерлерден өз командасын қайта жинайды.

Екінші маусымда сериал қазіргі заманда қылмыскерлер жиі қолданатын жаңа әрі өзекті алаяқтық схемаларғабасымдық береді. Олардың қатарында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдер де бар.

Жоба Salem Entertainment пен BAS Production компанияларының бірлескен еңбегі нәтижесінде жүзеге асты. Бірінші маусымды да түсірген режиссер Олжас Нұрбай екінші маусымның да қоюшы-режиссері болды.

Жоба авторларының айтуынша, сериалдың басты мақсаты — тек көрерменді қызықтыру емес, сонымен қатар қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі — алаяқтықтың нақты механизмдерін ашып көрсету. Әр серияда автокөлік алыпсатарлығынан бастап, интернет-фишингке дейінгі қылмыстық схемалар қылмыскерлердің көзімен баяндалады. Әр оқиға өз ерекшелігімен дараланып, күтпеген шешіммен аяқталады.

Сериал көрерменді ақпараттандыруды және қорғауды мақсат етеді. Алаяқтардың қалай әрекет ететінін көрсету арқылы жоба адамдарды сақ болуға, қылмыстық схемаларды дер кезінде тануға үйретеді. Себебі мұндай жағдайға кез келген адам тап болуы мүмкін.

Жоба туралы

«Мошенники» жобасының идеялық шабыттандырушысы, продюсері әрі басты рөлді сомдаушы, қазақстандық актер Рустем Омаров екінші маусым жайлы былай дейді:

— Екінші маусымды дайындау барысында қойылған деңгейді төмендетпеу керектігін нақты түсіндік. Сондықтан жобаны география жағынан да, қамтылған шынайы алаяқтық кейстері тұрғысынан да кеңейттік. Бұл маусымда көрермен Фариза кейіпкеріне қатысты ең интригалық сюжет желілерінің бірінің шешімін көреді. Сондай-ақ жаңа, есте қалатын кейіпкерлермен танысады.

Айта кетейік, сериалдың екінші маусымы Дамирдің оқиғасын толық аяқтамайды. Керісінше, ол 2026 жылдың көктемінде кинотеатрларда прокатқа шығатын осы аттас толықметражды фильмге дайындық қызметін атқарады.

«Мошенники 2» жобасы туралы қысқаша ақпарат:

Қоюшы-режиссер: Олжас Нұрбай
Қоюшы-оператор: Азамат Жанабеков
Қоюшы-суретші: Светлана Нечепуренко

Бас продюсерлер:
Рустем Омаров, Игорь Цай, Қуат Садықов, Орынбасар Құдайбергенов,
Ақылбек Досжанов, Саида Игенбек

Идея авторлары: Рустем Омаров, Илхан Исхакбаев
Сценарий авторлары: Рустем Омаров, Илхан Исхакбаев

Басты рөлдерде:
Рустем Омаров, Азамат Нигманов, Мұхамеджан Мамаев, Фариза Ескермес,
Қарлығаш Мұхамеджанова, Азамат Шакер, Ақылхан Алмасов