Алматыда ер адам азаматтық әйелін пышақтап өлтірген
Алматы облысының Талғар қаласына жақын орналасқан Рысқұлово ауылында әйел адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Полиция 45 жастағы ер адамды азаматтық әйелін өлтірді деген күдікпен ұстады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Күдікті әйелге екі рет пышақ сұғып, ол бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған.
«Ер адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Қоғам белсенділері мен марқұмның әріптестері әлеуметтік желілерде әйелдің жүкті болуы мүмкін екенін, ал оқиға кезінде олардың бес жасар қызы қасында болғанын жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте студент Нұрайдың өлімі елді дүр сілкіндірген еді. Марқұмның туыстары ол істегі қудалау мен қорқытулар жайлы мәлімдеме жасаған болатын.