Жаңалықтар

14 млн теңге айыппұл төледі: «Алматы Су» кәсіпорны Сорбұлақ  қауіпті ағынды су төккен

Алматы облысының Іле ауданында Сорбұлақ көлі маңында жағымсыз иіске байланысты тұрғындардан шағымдар түскен. Анықталғандай, көлге апаратын қалалық кәріз жүйелері «Алматы Су» кәсіпорнына тиесілі.

Аудан прокуратурасының мәліметінше, алынған 48 сынаманың 21-інде метан, күкіртсутек және меркаптан мөлшерінің шамадан тыс жоғары екені анықталған. Сонымен қатар жақын маңдағы елді мекендерде тұратын 400-ден астам тұрғын тыныс алу жолдары ауруларымен есепте тұр.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде экология департаменті «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 14 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.