Бүгін Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 қаңтар күні бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы елорданың білім басқармасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, шектеу шаралары 0-ден 11 (12) сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 9 сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттеріне қатысты.
Қала тұрғындарынан балалардың қауіпсіздігін ескеріп, ресми ақпаратты қадағалап отыру сұралды.