Алматыда бүгіннен бастап №96 жаңа автобус бағыты іске қосылды
Алматы қаласында бүгіннен бастап №96 жаңа автобус маршруты жұмысын бастады. Бұл бағыт қаланы шығыстан батысқа дейін түгелге жуық қамтиды.
Автобустың жүру бағыты:
«Әуежай» — Майлин көшесі — Бекмаханов көшесі — Шолохов көшесі — Жұмабаев көшесі — БАК бойымен — Мөңке би көшесі — «Нұркент» шағынауданы.
Жұмыс күндері бағытқа 15 автобус, ал демалыс күндері 13 автобус шығады. Қозғалыс аралығы шамамен 12 минутты құрайды.
Жаңа маршрут қаланың бірнеше ауданы арасындағы қатынасты жеңілдетуге бағытталған.