Пойызға кран құлап жантүршілгерлік апат болды: 20 шақты жолаушы қаза тапқан
Таиландтың Накхонратчасима провинциясында жолаушылар пойызы ірі апатқа ұшырады. MGR Online хабарлауынша, Сикхиу ауданында құрылыс алаңындағы көтергіш кран экспресс пойыздың үстіне құлаған.
Апат Бангкок – Накхонратчасима бағытындағы жоғары жылдамдықты теміржол құрылысы жүріп жатқан учаскеде болған. Кран №21 экспресс пойызына құлаған сәтте құрамда 195 жолаушы (алдын ала дерек бойынша персоналды қоса есептегенде) болған.
Зардап шеккендер саны ондаған адамға жетеді. Қаза тапқандар туралы ақпарат нақты емес: бастапқыда 4 адам көз жұмды делінсе, кейін 12 адам деп хабарланды. Кейбір жергілікті БАҚ 20 адамға дейін қаза тапқанын жазуда. Мәліметтер нақтыланып жатыр.
Таиланд премьер-министрінің орынбасары Пипат Ратчакитпракарн шұғыл әрі жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Билік апаттың нақты себебі кейін жарияланатынын мәлімдеді.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Сондай-ақ қаза болғандар мен жараланғандардың арасында құрылыс жұмысшылары бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл жағдайда әлеуметтік сақтандыру мен өтемақы тетіктері іске қосылады.
Айта кетейік, бұған дейін Таиландта қазақстандықтар мінген туристік катер суға батқан еді.