Трамп жұмысшыны боқтап, ортаңғы саусағын көрсетті: олар неге жанжалдасты?
АҚШ президенті Дональд Трамптың Детройттағы автозауытқа сапары кезінде дау туды. Кәсіпорын жұмысшыларының бірі оған Джеффри Эпштейн ісіне байланысты «педофилдерді қорғаушы» деген айып таққан.
Бұған жауап ретінде Трамп бейәдеп сөз айтып, ортаңғы саусағын көрсеткен.
Ақ үй бұл әрекетті ақтауға тырысты. Президент әкімшілігінің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг жұмысшының «ашу үстінде өзін агрессивті ұстағанын, ауыр сөздер айтқанын» мәлімдеп, Трамптың реакциясын «нақты әрі орынды» деп бағалады.
Кейіннен жанжалға қатысқан жұмысшы тергеу аяқталғанға дейін уақытша жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.