Жаңалықтар

Астанада атыс болды: аңшы мылтығымен полиция қызметкерін жаралады

Астанада жергілікті тұрғын аңшылық қарудан автокөлік жүргізушісіне оқ атқан. Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткен. 

Жараланған азаматтың өзі «102» арнасы арқылы полицияға хабар берген.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде тәртіп сақшылары жетіп, жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталған.

«Зардап шеккен азамат – құқық қорғау органының қызметкері. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыс құралы тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.