Қаржы

Қазақстанда доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE)  сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы қайта өсті, деп хабарлайбы newsroom.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 510,43 теңгені құрап, 0,72 теңгеге қымбаттаған.

Ресей рублі керісінше сәл арзандап, 6,45 теңгеге түсті (–0,01). Ал қытай юанінің бағамы 73,23 теңге болып, 0,12 теңгеге өсті.

Айырбастау пункттерінде доллар 510,5–515,5 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 587–600 теңге, ал рубль 6,3–6,55 теңге деңгейінде.

Айта кетейік, Қытай юанінің де бағамы өсті