Қазақстан Венесуэлладан көшетін әйелдерді қабылдауға дайын
Қазақстан Республикасының көші-қон қызметі әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға байланысты Венесуэладан кетуге мәжбүр болған азаматтарды қолдау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы kaztwitter арнасына сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында еңбекке қабілетті жастағы, кәсіби дағдылары бар әйелдерге басымдық беріледі. Әсіресе мода, жарнама және креативті индустриялар саласындағы мамандарға ерекше назар аударылмақ. Билік өкілдері қатысушыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етуге, құқықтық қолдау көрсетуге және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге уәде беріп отыр.
Бағдарламаға іріктелген барлық қатысушылар міндетті көші-қон және медициналық тексеруден өтеді. Қазақстанға келген азаматтар уақытша құқықтық мәртебе, негізгі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікжәне ресми түрде еңбек ету мүмкіндігін алады.