Жаңалықтар

Мектептегі төбелес өліммен аяқталды: Таразда оқушы 6,5 жылға сотталды

Тараз қаласында мектептегі төбелестен кейін оқушы қаза тапқан іс бойынша сот үкімі шықты.

Оқиға күз мезгілінде №47 мектептің дәретханасында болған. Оқушылар арасындағы жанжал кезінде жасөспірімдердің бірі ішінен соққы алған, сонымен қатар мойын тұсынан ауыр жарақат алған. Бала оқиға орнында көз жұмған.

Кеше сот 9-сынып оқушысына қатысты үкім шығарды.

Жасөспірім Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі — «Абайсызда өлімге әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол өз кінәсін ішінара мойындаған.

Сот шешімімен оған 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот сотталған баланың ата-анасын марқұмның отбасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.