Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

БҚО тұрғыны адам өлімін жасыру үшін адам сенгісіз әрекетке барды

БҚО тұрғыны адам өлімін жасыру үшін адам сенгісіз әрекетке барды

БҚО тұрғыны адам өлімін жасыру үшін адам сенгісіз әрекетке барды
ашық дереккөзі
БҚО тұрғыны адам өліміне қатысты қылмысты жасыру мақсатында өз көлігін өртеп жіберді, -  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов Аблазимовтың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ВАЗ 2112 автокөлігінің жүргізушісі Орал - Желаево автожолымен келе жатып, 63 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол зардап шегушіге көмек көрсетудің орнына жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адамды қалалық көп салалы аурухананың жарақат бөліміне жеткізген, алайда алған жарақатынан есіне келместен көз жұмған. Жүргізушіні бірден табу мүмкін болмады. Жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты біліп, ол көлігін өртеп жіберген. Желаево ауылының карьерлер ауданындағы орман алқабында ВАЗ 2112 маркалы жанып кеткен көлік құралы табылды. "Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" және ҚР ҚК 347 - бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша СДТБТ-да тіркелген", - деп хабарлады Махсудхан Аблазимов. Өз көлігін өртеп жіберген БҚО-ның 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа берілді.