Енді ЖИ-контентті белгілемегендерге айыппұл салынады: Қазақстанда жаңа заң
16 қаңтардан бастап Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, ЖИ көмегімен жасалған контентті машинамен оқылатын арнайы белгімен таңбалау міндетті болады. Талапты орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айыппұл көлемі құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгіленген: жеке тұлғаларға — 15 АЕК, ірі бизнес өкілдеріне — 100 АЕК-ке дейін. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге өседі. Ал ірі компаниялар үшін жүйелі заңбұзушылық анықталса, ИИ жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылуы немесе мүлде тыйым салынуы мүмкін.
Сонымен қатар заңда авторлық құқық мәселесі де қамтылған. Жасанды интеллект көмегімен жасалған контент адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана қорғалады. Ал шығармаларды ИИ-ді оқытуға пайдалану автордың тарапынан арнайы машинамен оқылатын тыйым белгісі жоқ болса ғана рұқсат етіледі.