Sportroom

Қазақстан әйелдер футбол құрамасы бапкерсіз қалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) әйелдер ұлттық құрамаларының бапкерлік штабтарында кадрлық өзгерістер болғанын мәлімдеді.

Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін аяқтады. Ол бұл қызметке 2023 жылы тағайындалып, команданы қалыптастыру мен дамыту үдерісіне атсалысты.

Сондай-ақ 2025 жылдың мамыр айынан бері Қазақстанның WU-19 жасөспірімдер қыздар құрамасын басқарған аға бапкер Жанна Мальгаждарова да қызметінен кетті.

Мамандармен ынтымақтастық тараптардың өзара келісімі негізінде тоқтатылған. Дегенмен, олар ҚФФ құрылымында қалып, елімізде әйелдер футболын жүйелі түрде дамытуға бағытталған алдағы жобаларға тартылатын болады.

Жақын уақытта ҚФФ-ның Техникалық даму комитеті бос орындарға үміткер кандидаттарды тыңдайды. Талқылау қорытындысы бойынша федерацияның Атқарушы комитетіне бекітуге ұсыныстар әзірленеді.