Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты
Алтынның нарықтағы құны 2%-ға өсіп, жаңа тарихи шекті еңсерді. Күмістің де бағасы өсті. Бір унциясының құны шамамен 84 долларға жетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Сарапшылар бағалы металдардың қымбаттауын АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатымен және Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуымен байланыстырады. The Kobeissi Letter сарапшылары кейінгі он жылда доллардың халықаралық резервтердегі үлесі айтарлықтай әлсіреп, салмағы 18%-ға қысқарғанын жазған. Ал алтынның рөлі керісінше күшейіп, резервтердің 28%-ын иеленген. Бұл 1990-жылдардан бергі ең жоғары көрсеткіш. Мамандар жаһанда дәстүрлі активтерге деген көзқарас қайта жанданып жатыр, - дейді.