Жаңалықтар

Әлеуметтік салық айтарлықтай төмендеді: кәсіпкерлер үшін жаңа ереже

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгерді. Енді мөлшерлеме біріздендіріліп, әлеуметтік аударымдарға тәуелді болмайды.

Негізгі жаңалық — әлеуметтік салық 11%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. Ал ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен өңдеушілер үшін бұл көрсеткіш 1,8% деңгейінде белгіленді.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындар үшін салық тұрақты мөлшерде есептеледі:
– өзі үшін — 2 АЕК,
– әр қызметкері үшін — 1 АЕК.

Шаруа және фермер қожалықтарына жеңілдігі мол тәртіп қарастырылған:
– өзі үшін — 0,6 АЕК,
– қызметкері үшін — 0,3 АЕК.

Бұған қоса, кейбір санаттар әлеуметтік салықтан толық босатылады. Олардың қатарында арнайы салық режимімен жұмыс істейтіндер — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған режимдегі кәсіпкерлер, сондай-ақ КХ мен ФХ бар.

Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, бұл өзгерістер салық әкімшілендіруді жеңілдетіп, бизнеске түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.