Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядағы стендапта сахнаға шықты
Әлеуметтік желілерде Грузияда өткен стендап-шоудан түсірілген видео қызу талқылануда. Кадрларда қазақстандық Нұрдәулет Сейсенбаев өзіне тағылған айыптар туралы әзіл-сықақ форматта айтып отыр.
Оның сөзінше, ұйымдасқан қылмыстық топ пен заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар деген айыптар дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Видео қоғам назарын аудартты, себебі Сейсенбаев халықаралық іздеуде жүрсе де, шетелде ашық түрде мәдени іс-шараларға қатысып жүр.
Белгілі болғандай, ол 2019 жылы Грузияда ұсталған, алайда жергілікті сот Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан. Содан бері Сейсенбаев елге оралмаған.