Жаңалықтар

Қазақстандағы конституциялық реформа жалпыұлттық референдумға шығарылады

Қазақстан Конституциясына енгізілетін түпкілікті өзгерістер жалпыұлттық референдумға ұсынылады. Бұл туралы Президент парламенттік және конституциялық реформаға арналған жұмыс кеңесінде мәлімдеді.

Қазіргі таңда жұмыс тобы болашақ бірпалаталы парламенттің моделін әзірлеп жатыр. Оның мәртебесі, негізгі функциялары және өзге билік тармақтарымен өзара іс-қимылы айқындалуда.

Келесі талқылау қаңтар айының ортасына жоспарланған. Онда жаңа парламенттің өкілеттігі мен мемлекеттік институттар жүйесіндегі рөлі басты назарда болады.

Сондай-ақ, кеңесте Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысының өтетін күні бекітілді. Ол 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді. Мемлекет басшысы іс-шараның күн тәртібін дайындау мен ұйымдастыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.