Sportroom

Қазақстан әлемдік теннистің үздік үш елінің қатарына енді

Қазақстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік теннис рейтингтерінің топ-10 қатарына бірдей өкіл ұсынған санаулы елдердің бірі атанды. Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана ие. Бұл жетістік ұлттық құрамалардың көшбасшыларының табысты өнер көрсетуінің нәтижесі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің үздік ондығында тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. 2026 жылдың басында ол әлемдік рейтингте 5-орында тұр.

Ал ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гонконгта өткен ATP турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын еншіледі. Осы нәтижеден кейін Бублик ATP рейтингінде 10-орынға көтеріліп, Қазақстан тарихында алғаш рет ерлер теннисінде ел атынан топ-10-ға енген спортшы атанды.

Осылайша Қазақстан әлемнің ең мықты он теннисшісі қатарына ерлер мен әйелдер арасында бірдей өкіл енгізген ел ретінде ресми түрде тіркелді.

Сонымен қатар Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде де әлемдегі үздік он команданың қатарында. Жекелей спортшылардың жоғары нәтижелері, ұлттық құрамалардың тұрақты ойыны және теннис инфрақұрылымының дамуы Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайта түсуде.