Жаңалықтар

Қазақ блогері Уилл Смитке шапан жапты

Қазақстандық видеограф әрі блогер Дастан Мұхамедрахим Голливуд жұлдызы Уилл Смитке қазақтың дәстүрлі шапанын жапты.

Кездесу Дубайда өткен халықаралық іс-шара кезінде болған. Блогер бұл сәтті Instagram парақшасында жариялады. Видеода Мұхамедрахим сахнаға шығып, Уилл Смитке шапан жауып, екеуі бірге суретке түседі. Актер бұл сыйға жылы жымиып, ықыласын білдірген.

Бұған дейін Уилл Смиттің Біріккен Араб Әмірліктеріне National Geographic арнасына арналған «Полюстен полюске дейін Уилл Смитпен бірге» атты деректі сериалдың таныстырылымына келгені хабарланған еді.

Оқырмандар блогердің бұл әрекетін ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде танытудың жарқын үлгісі ретінде бағалады.