Жаңалықтар

Екібастұзда өрт шықты: ер адам көз жұмып, үш әйел құтқарылды

Екібастұз қаласында 8 қаңтар күні тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бір ер адам қаза тауып, үш әйел аман алып қалынды. 

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде шатырдың ағаш конструкциялары, жиһаз бен тұрмыстық заттар толықтай отқа оранған.

«Өртті сөндіру барысында үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Сонымен қатар, 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 21:37-де толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Полицияның алдын ала дерегінше, үйде тұрған адамдар асоциалды өмір салтын ұстанған.