Министрдің айтуынша, жасанды интеллект министрлігі отандық спутник өндіру кешенінің өндірістік қуатын толық жүктеу бағытында жұмысты бастап кеткен. Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтауға арналған кемінде 5–6 спутник ұшыру жоспарланып отыр.
«Бұл спутниктердің бір бөлігі экспортқа шығарылады. Жалпы экспорт көлемі 75 млн долларды құрайды. Бұл – Қазақстан тарихындағы алғашқы технологиялық экспорт және еліміз үшін маңызды кезең», – деді вице-премьер.
Айта кетейік, аталған жоба Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін арттырып, жоғары технологиялы өнімдер экспортын дамытуға жол ашады.